×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Әділ тергеуге кепілдік береміз»: Прокуратура Талғардағы жасөспірімнің өліміне қатысты мәлімдеме жасады

«Әділ тергеуге кепілдік береміз»: Прокуратура Талғардағы жасөспірімнің өліміне қатысты мәлімдеме жасады
Бақыт Реймова/ТІКТОК

Алматы облысының прокуратурасы Талғарда бір топ жігіттің қолынан қаза тапқан жасөспірімнің ісі бойынша мәлімдеме жасап, тергеу объективті жүргізіліп, кінәлілердің бәрі заң аясында жазасын алатынына сендірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ПРОКУРОРЛАР ЕШКІМ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН ҚАШПАЙТЫНЫНА СЕНДІРДІ

Біз қоғамдық толқуларды түсінеміз және отбасы мен жақындарына көңіл айтамыз.

Прокуратура органдары кісі өлтіру туралы бұл істі ерекше бақылауға алғанын ресми түрде хабарлаймыз.

Аталған қылмысты жасады деген күдік бойынша сот 2 ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беріп, жеті күдікті адам ұсталды.

Біз барлық жағдайларды анықтауға және кінәлілерді жауапкершілікке тартуға бағытталған объективті тергеуге кепілдік береміз.

Барлық азаматтарды осы қылмысқа қатысы бар адамдарды жауапкершіліктен алып тастауға ешқандай әрекет жасалмайтынына сендіреміз.

Тергеуге көмектесетін кез келген ақпаратпен прокуратура немесе ішкі істер органдарына жүгінуге шақырамыз, – делінген қадағалаушы орган мәлімдемесінде.

«ТАЛҒАР ҚАЛАСЫНА ЖИНАЛУДЫ СҰРАЙМЫН»

Еске салсақ, бұған дейін Талғарда бір топ жігіттің қолынан қаза болған жасөспірімнің туыстары күдіктілердің жартысы ұсталмағанын, сол үшін әділдік іздейтіндерін айтқан болатын.

Шерзат Қаржаубайұлының әпкесі Бақыт Реймова әлеуметтік желіге шығып, істің мән-жайынан хабар берді.

– Дәл қазір мен Талғарға бара жатырмын. Өйткені іс жүрмей жатыр дейді. Сол жерде толық болған адамдарды ұстамаған. Ұстағанда да жартысын ұстап, жартысын ұстамаған. Талғар қаласына жиналуды сұраймын. Бізге қол ұшын беруіңізді сұраймын. Бізге қазір подполковник қылмыскерлердің түрін көрсетеміз деді. Біз қылмыскерлердің бәрін ұстасын, бізге көрсетсін деп отырмыз. Бізге телевидение шақырып отырмыз. Резонанс көтермесе, бізді еститін ешкім жоқ.

Бауырымды оқуға түсіріп, үйлендіреміз деп едік. Әскери адам болам деуші еді. Тойында қызмет жасаймын деп жүрген кезде міне, қабіріне келдік. Қанішерлердің қолынан өліп, мұздай жерде жатыр. Әлі өмір көрген жоқ. Кішкентай ғана бала. Қаншама армандарын тас-талқанын шығарды. Өте өкінішті. Ботам, бұлай болмауы керек еді, – дейді ол.

Туыстарының айтуынша, Талғардағы оқиғада кемі 13 адам болған. Алайда полиция 7 адамды ұстаған.

АШЫҚ СОТТЫ ТАЛАП ЕТЕМІЗ

Марқұмның әкесі Бас прокурор Берік Асыловқа үндеу жасады.

Бас прокурор Берік Ноғайұлына үндеу жасағым келеді. 3 күні түнде иттік өлімнен қайтыс болды. Сол кезден бері  прокурор, РОВД бастығы, ешқандай іс әрекет жасамай отыр. Қылмысты бұрмалап отыр. Менің марқұм баламның аты-жөнін де білмейді. Қал-жағдайымызды сұрауға да шамалары жетпей тұр. Түн жарымда тергеуге шақырып, өзімізді қорқытып, өзімізге арыз жаздырып отыр. Сізден ашық сот болуын сұраймыз, талап етемін. Өлетін балам өлді, қамаса мені де қамасын, мен ашық сотты талап етемін. Менің баламмен жасты балалар өлмесін, пышақталмасын, аналар жыламасын деймін. Халық алаңға мені көріп өзі жиналып жатыр, – дейді әкесі.