Атырау қаласының маңындағы ауылда пошта ғимараты өртеніп кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТЖД МӘЛІМДЕМЕСІ
Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, өрт бүгін, 8 қазанда болған.
Таңертеңгі сағат 09:12-де Атырау қаласы маңындағы Томарлы ауылында орналасқан «Қазпошта» АҚ-ның филиалынан шақырту түсті. Шақырту орнына құтқарушылар жедел жетіп, ғимараттың төбе жабындысының өртенгенін анықтады. Жалын сағат 09:39-да оқшауланып, сағат 09:47-де толық сөндірілді, – деп хабарлады ТЖД қоғаммен байланыс тобы.-
ӨРТ НЕДЕН ТҰТАНДЫ
Өрттен ешкім зардап шекпеген. Пошта ғимаратындағы жалынды сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінен 15, апаттық медицина орталығынан 3 қызметкер, 1 техника тартылған.
Төтеншеліктер өрттің неден тұтанғаны туралы мәлімет берген жоқ. Жалынның салдарынан ауылдағы пошта ғимараты жарамсыз болып қалды.