×
524.58
551.91
4.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.58
551.91
4.93

«Шабытымның кеп қалатыны»: Ринат Зайытов министрлік өкіліне өлең шығарып көруді ұсынды

08.10.2024, 17:02
«Шабытымның кеп қалатыны»: Ринат Зайытов министрлік өкіліне өлең шығарып көруді ұсынды
ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов мектептегі оқу бағдарламасына көңілі толмайтынын жеткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәжілісте бүгін мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің «Оқу бағдарламаларының мазмұнын жаңарту» мәселесі бойынша тақырыптық отырыс өтіп жатыр. Баяндамашы ретінде Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева келуі керек болған. Алайда ол келмеді. Оның орнына министрліктің өкілдерін Оқу-ағарту министрлігінің орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев бастап келді. 

Отырыс барысында Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов министрлік өкілдеріне 5-ші сыныпқа дейін балаларды өз тілінен басқа шет тілдерін үйретпеу керек деген мәселе көтерді. Сонымен бірге оқу бағдарламасының күрделілігіне назар аударды.

– Құрметті, Қаныбек Бекболатұлы, бар еді шабытымның кеп қалатыны, ал енді жалғастырыңызшы, – деп өлеңдете сөз ұсынды Ринат Зайытов.

Қаныбек Жұмашев ақын депутатқа өлеңмен жауап бермек болған. Өкінішке қарай, журналистер отырған жеке залға оның микрофонсыз сөйлеген дауысы естілмеді. Алайда Ринат Зайытов Қаныбек Жұмашевтің шығарған “қайым-айтыс жауабына” көңілі толмаған сыңайлы.

– Ұйқаспайды. Қиын ғой. Ал үшінші сынып оқушыларына өлең шығар деген тапсырма беріледі. Олар қалай шығарады? – деп мектеп бағдарламасындағы мәселеге назар аудартты.

Талқылау жиыны жалғасып жатыр.