×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Павлодар облысындағы өрт сөндіріліп, Қарағандыдағы өрт оқшауланды – ТЖМ

08.10.2024, 17:20
Павлодар облысындағы өрт сөндіріліп, Қарағандыдағы өрт оқшауланды – ТЖМ
Фото: ТЖМ

ТЖМ құтқарушылары Павлодар облысындағы өртті сөндіріп, Қарағанды облысындағы өртті ауыздықтаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

Министрлік мәліметінше, Павлодар облысының аумағындағы дала өрті сөндірілген. Жағдайдың тұрақталуына байланысты Баянауыл ауданы Желтау ауылының  эвакуацияланған 18 тұрғыны үйіне оралған.

Қарағанды облысының аумағындағы өрт оқшауланған, өрттің ауданы анықталуда.

“Қатты екпінді жел, рельефті таулы және батпақты жерлер және өрт ошақтарына кірме жолдардың болмауы өртті сөндіру жұмыстарын қиындатты. Қазіргі уақытта Қарағанды облысының аумағындағы өрт ошақтары сөндіру жұмыстары жерүсті және әуе көлігімен жүргізу жұмыстары жалғастырылуда. Қарағанды облысының Айыр және Атантай елді мекендері ауданындағы өртті сөндіруге 2 жауынгерлік учаске анықталды. ҚР ТЖМ Командалық орталығы мен облыстардың ТЖД жедел штабтар тәулік бойы жұмыс істеуде” делінген министрлік хабарламасында.

ЖҰМЫЛДЫРЫЛҒАН КҮШТЕР

Өрт сөндіру жұмыстарына 557 адам мен 88 бірлік техника, 6 ұшқышсыз ұшу аппараты, ҚР ТЖМ және ІІМ ҰҰ 4 әуе кемесі жұмылдырылған.

“Өртті сөндіруге Қарағанды, Ақмола, Абай облыстарының, Астана қаласының құтқару топтары, ТЖМ 52859, 68303 әскери бөлімдерінің және жергілікті атқарушы органдар қатысуда.
Әуе кемелері өрт ошақтарына барлығы 87 рет 102-ден астам тонна көлемінде су төкті. Сонымен қатар аэровизуалды барлау жүргізілді. Ұшу нәтижелері бойынша жағдай тұрақты” деп хабарлады министрлік.

ҚҰТҚАРУШЫ ҚАЗА ТАПТЫ

Қарағанды облысындағы дала өртінде бір құтқарушы қаза тауып, үш құтқарушы ауруханаға түскен болатын. Осыған байланысты ТЖМ мәлімдеме жасады.

2023 жылдың маусымында Абай облысының Батпаев орман шаруашылығы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында» орман өртеніп, өрт сөндіре жұмсытары кезінде 14 ораншы қаза тапқан. Биыл мамырда өртке кінәлілер сотталған.

Семейдегі өрт орман шаруашылығы саласындағы біраз мәселенің бетін ашқан. Осы жағдайдан кейін үкімет орманшылардың жалақысын арттыруға уәде берген. Алайда айтылған сөз сол жерде қалған.