×
486.44
534.31
5.06
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
486.44
534.31
5.06

Республика күні: қазақстандықтар қай күндері демалады

Бүгін, 08:26
Республика күні: қазақстандықтар қай күндері демалады
Tengrinews.kz

2024 жылдың қазан айында жалпы 9 демалыс және 22 жұмыс күні бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Биыл Республика күні жұмаға тұспа-тұс келеді. Бұл азаматтарға үш күн қатарынан демалуға мүмкіндік береді: бес күндік жұмыс аптасында жұмыс істейтін қазақстандықтардың қатарынан үш демалыс күні болады - 25, 26 және 27 қазан.

Алты күндік жұмыс аптасында жұмыс істейтіндер үшін жағдай сәл өзгеше. 25 қазан демалыс күні болады, ал 26 қазан жұмысқа шығуға тура келеді. Дегенмен, 27 қазан тағы да демалыс күні болады.

Демалыс кестесі:

  • 25 қазан, жұма: Республика күні (барлығына арналған демалыс);
  • 26 қазан, сенбі: алты күндік жұмыс істейтіндер үшін жұмыс күні;
  • 27 қазан, жексенбі: әдеттегі демалыс күні.

Республика күнінен басқа, қазан айы әртүрлі салалардың қызметкерлері атап өтетін кәсіби мерекелерге бай:

  • 1 қазан – радио күні және жоғары білім беру қызметкерлері күні
  • 5 қазан – мұғалімдер күні
  • 6 қазан – қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні;
  • 10 қазан – Қазақстанның кәсіптік одақтар күні;
  • 14 қазан – стандарттау қызметкерлері күні;
  • 19 қазан – құтқарушылар күні;
  • 20 қазан (қазан айының үшінші жексенбісі) – орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні;
  • 24 қазан – кітапханашылар күні;
  • 27 қазан (қазанның соңғы жексенбісі) – әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні;
  • 29 қазан – күзет ұйымдары қызметкерлерінің күні. 

Республика күні – Қазақстанның тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің ұлттық мерекесі. Бұл күні бүкіл ел бойынша Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне арналған салтанатты іс-шаралар, концерттер мен көрмелер өтеді. Азаматтар осы маңызды күннің құрметіне ұйымдастырылған түрлі акциялар мен флешмобтарға қатысады.