×
$
441.88
€
503.61
₽
5.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
441.88
€
503.61
₽
5.24

Жоғары аудиторлық палата Қорғаныс министрлігін тексеруге кірісті

Бүгін, 12:04
Жоғары аудиторлық палата Қорғаныс министрлігін тексеруге кірісті
ЖАП

Қазақстанның Жоғары аудиторлық палатасы Қорғаныс министрлігіне мемлекеттік аудит жүргізе бастады. Тексеру Каспийдегі қайғылы оқиғадан кейін қолға алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Аудиторлар нені тексереді?

- ҚР Жоғары аудиторлық палатасы Қорғаныс министрлігінде бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне, сондай-ақ, әскери бөлімдердің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне мемлекеттік аудит жүргізуді бастады, - деп хабарлады ведомство.

Президент арнайы комиссия құрды

Бұған дейін Президент Қорғаныс министрлігінің жұмысын жан-жақты тексеру үшін арнайы комиссия құруды тапсырған еді.

Комиссияны Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Аида Балаева басқарады. Оның жұмысының алғашқы нәтижелері жеті күн ішінде ұсынылуға тиіс.

Қайғылы оқиғадан кейінгі кадрлық өзгерістер жүрді

27 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Дәурен Қосановты қорғаныс министрі қызметінен босатты. Сол күні ведомствоның жаңа басшысы болып Айдос Мырзахметов тағайындалды.

Бұл кадрлық өзгерістер Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде 14 әскери қызметші қаза тапқан қайғылы оқиғадан кейін жасалды.