×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Бразилия Илон Масктың Х желісін бұғаттады, бұның Қазақстанға қатысы

09.10.2024, 08:50
Бразилия Илон Масктың Х желісін бұғаттады, бұның Қазақстанға қатысы
ВВС

Бразилия жоғарғы соты ел аумағында Илон Масктың Х желісінің жұмысына тыйым салды. Сот шешіміне Масктың ымыраға келіп, экстремист деп танылған адамдардың аккаунтын бұғаттап, айыппұл төлей бастағаны да кедергі бола алмады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

НЕ ЖАҒДАЙ

BBC-дің мәліметінше, Бразилия жоғарғы сотының судьясы Алешандри ди Мораис Х желісінің жұмысына тыйым дереу күшіне енуі керектігін жариялаған. Бұғаттауды елдегі телекоммуникацияға жауапты ведомствоға тапсырып, тәулік ішінде желіні барлық бразилиялық қолданушы үшін шектеуді жүзеге асыруды міндеттеді. 

Тамыз айында Х желісі оңшыл радикалдардың аккаунтын өшірмей, елде ресми өкілін тағайындаудан бас тартқан. Алешандри ди Мораис осы кезде желіге ел аумағында жұмыс істеуге тыйым салынатыны айтылған.

Бастапқыда Илон Маск судьяны диктатор деп атап, оның талаптарын орындаудан бас тартқан. Оның пікірінше, бұл сөз бостандығын шектейді. Кейінірек Х ди Мораис талап еткен аккаунттарды өшіре бастап, ресми өкілін тағайындаған. Тіпті миллиондаған штраф та төлеген. Алайда сот бәрібір желіге тыйым салып отыр.

ӘЛЕМДІК ТЕНДЕНЦИЯ ҺӘМ ҚАЗАҚСТАН

Соңғы жылдары әлеуметтік желінің қолданушылар мен қоғамға, тіпті ел қауіпсіздігіне зияны мен қаупін айтып, оны реттеу, болмаған жағдайда бұғаттау мәселелері жиі көтерілетін болған. Мәселен, АҚШ TikTok-қа осындай талап қойып отыр. Қытай билігі алпауыт компаниясына деген мұндай көзқарасты сөз бостандығын, бәсекені шектеу деп санайды.

Осыған ұқсас жағдай Қазақстанда да болып жатыр. Жуырда ғана қос депутат TikTok желісінің балаларға зияны мен залалы туралы мәлімдемелер жасап, желі әкімшісіне бірнеше талап қойып, оларды орындамаған жағдайда мүлде бұғаттау туралы бастама көтерген.

Бұрынырақта осы тағылетес талаптар фейсбук желісіне қатысты да айтылады. Жуырда Қазақстандағы медиа сапасын арттыру бойынша жұмыс істейтін Factcheck ресурсы Meta-ның Қазақстандағы алғашқы серіктесі атанған. Алайда ресурс ақпараттық жалған я шын екенін анықтаумен айналысды. Десе де фейсбуктың Қазақстандық сегментінде кей саяси жазбалар өшіп кететін болған. Сарапшы мұны боттардың шағым түсіруімен байланыстырады.