×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

40 жаста, туризмге жауапты болған: Ұлытау облысына жаңа әкім тағайындалды

09.10.2024, 09:56
40 жаста, туризмге жауапты болған: Ұлытау облысына жаңа әкім тағайындалды
Ulysmedia коллажы

Мемлекет басшысының жарлығымен Дастан Адайұлы Рыспеков Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ӨМІРБАЯНЫ

Ол 1984 жыл Жезқазған қаласында туған. 

Білімі: Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін және ҚазМЗУ Алматы заң академиясын бітірген. 

Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласындағы Экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің болжамдау және түсімдер бөлімінің бас маманы ретінде бастаған. 2007-2016 жылдары Алматы қаласында Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде, Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясында, Астана қаласы республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. 2018-2019 жылдары – Павлодар облысы Кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының басшысы, 2019 жылдың сәуір айынан бастап «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің директоры қызметін атқарды.

2020-2021 жылдары ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы. Соңғы қызметі – Ұлытау облысы әкімінің орынбасары.

Бұған дейін Берік Әбдіғалиұлының Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылғаны хабарланған еді.