×
486.44
534.31
5.06
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
486.44
534.31
5.06

«Тергеу деректері айтылатындай заңды өзгерту керек»: депутат Құспан Талғардағы қылмыс жайлы

Бүгін, 17:07
«Тергеу деректері айтылатындай заңды өзгерту керек»: депутат Құспан Талғардағы қылмыс жайлы
Ulysmedia коллажы

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан қылмыстық кодекстің 201-бабын (сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу) өзгерту керек деп есептейді. Бұл қажеттілік оның сөзінше, Талғардағы жасөспірімнің өлімінен кейін айқын сезілген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АБЗАЛ ҚҰСПАН НЕ ДЕЙДІ

– СССР кезінде бізде құқық қорғау органдарының билігі НКВД-дан бастап күшті болды. Мысалы, шетелде кез келген осындай қоғамдық резонанс туғызған істер бойынша мейлі, ФБР бола ма, полиция бола ма – сол сәттен бастап есеп беріп отырады. Іс қалай болып жатыр? Кімді қамады? Кімді қамамады? Не үшін қамамады? Осындай сұрақтарға жауап береді. Бізге осындай мәселеде ашықтық керек, – дейді ол.

Абзал Құспанның айтуынша, Мәжілісте осыған байланысты өзгерістер – 201-бапты қайтадан қарау туралы мәселе қаралып жатыр.

– Әлбетте, құпиялылық грифі сақталатын жеке істер бар. Мысалы ұлттық қауіпсіздік, кәмелетке толмаған балаларға қатысты, отбасылық құпияны сақтауға байланысты істер болады. Бірақ осының шегін белгілеу керек. Ал бізде қазір біз келген тергеуші, учаскелік полиция ауылда тауық ұрланса да, “тергеудің құпиясы” деп жауап беруден бас тартады. Ауылдың бәрі тауықты кім қашан ұрланғанын біліп отырады. Сол себепті осы мәселе қайта қаралуы керек деп есептеймін, – дейді ол.

СЫН КӨП

Ал оның әріптесі Нартай Аралбайұлы бас прокурор Берік Асыловқа, ішкі істер министрі Ержан Сәденовке және оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа депутаттық сауал жолдап, 16 жасар азаматты өлтірген, жақындарын аяусыз сабаған қылмыскерлер қамауға алынып, оларға заңға сәйкес әділ жаза берілуі тиіс деп мәселе көтерді. Депутат аталған іс бойынша барлық құқық қорғау органдары тізе қосып, оқиғаның заңды құқықтық бағасын тез арада беруі қажет дей келе, білім беру ұйымдарында «Құқық негіздері» атты пән барын, бірақ оның сапасына қатысты сын көптігін айтады. Аталған пәннің бағдарламасын қайта жасап, балалар өмірде бетпе-бет келетін жайттар мен өмірден алынған нақты кейстерге сүйеніп оқыту керек дйді ол.