×
486.44
534.31
5.06
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
486.44
534.31
5.06

Химия саласы бойынша Нобель сыйлығының иегерлері анықталды

Бүгін, 18:15
Химия саласы бойынша Нобель сыйлығының иегерлері анықталды
дереккөз

Әлемдік сыйлықты Дэвид Бейкер, Демис Хассабис пен Джон Джампер қатарлы үш ғалымға берілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Дэвид Бейкер сыйлықты "ақуыздың есептеу дизайны үшін" алса, Демис Хассабис пен Джон М. Джампер "ақуыз құрылымын болжағаны үшін" марапатқа ие болды.

Өткен жылы химия бойынша Мунги Бавенди, Луи Брюс және Алексей Екимов бірегей оптикалық және электронды қасиеттері бар диаметрі небәрі бірнеше нанометрлік ұсақ бөлшектерді – нанокристалдар немесе жасанды атомдар деп те аталатын кванттық нүктелерді ашып, синтездегені үшін Нобель алған еді.

Медицина саласындағы Нобель лауреаттар – америкалық Виктор Амброс пен Гэри Рувкун.

Физика бойынша бас ғылыми сыйлықты Джон Хопфилд пен Джеффри Хинтон алды.