Ресей әскері бір тәулікте 82 әуе шабуылын ұйымдастырып, 137 басқарылатын авиабомбаларды тастаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
172 ҰРЫС БОЛҒАН
Украин қарулы күштерінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, өткен тәулікте майданда 172 ұрыс болған.
МАЙДАН ДАЛАСЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙ ҚИЫН
Ресей күштері жеке құрам мен техника жағынан басымдыққа ие, әсіресе Торецк пен Кураховода жағдай қиын.
Украина штабының 9 қазандағы мәліметі бойынша, Угледардан айрылғаннан кейін майдан шебіндегі жағдай қиындап кеткен.
"Жау өзінің адам күші мен техникадағы басымдығын пайдаланып, біздің позицияларға үздіксіз шабуыл жасап жатыр. Украин қорғаушылары жаудың шабуылын табанды түрде тоқтатып, оларға едәуір шығын келтіруде. Жалпы алғанда, өткен тәулікте 172 ұрыс қақтығысы тіркелді", – деп хабарлады Украина тарапы.
82 ӘУЕ ШАБУЫЛЫН ҰЙЫМДАСТЫРҒАН
Ресейлік күштер украин бөлімшелерінің позицияларына және елді мекендерге үш зымыранмен бір ракеталық соққы жасап, 82 әуе шабуылын ұйымдастырып, 137 басқарылатын авиабомбаларды тастаған. Сонымен қатар, шамамен 3500 артиллериялық атыс жасалып, оның 70-і залпты зымыран жүйелерінен 1200 дрон-камикадзенің қатысуымен атқарылған.
Торецкте көше шайқастары жүріп жатыр, ал Курахово бағытында 40 шабуыл тойтарылған.