×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Үйдің кенжесі болғандықтан анама жақынмын - Әлия Назарбаева кітабы жайлы айтты

18.09.2021, 16:22
Үйдің кенжесі болғандықтан анама жақынмын - Әлия Назарбаева кітабы жайлы айтты
фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаеваның «Место силы» кітабының тұсаукесері кеше өткен болатын. Бүгін Әлия Назарбаева алғашқы кітабын не үшін жазғанын айтқан видео жарияланды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Мен жастайымнан өзіме «мен не үшін өмірге келдім, негізгі миссиям қандай, жалпы әлемдегі адамдардың мақсат-міндеті қандай?» деген сұрақтар қоя бастадым. Сондықтан мен көп ізденісте болдым, ұстаздар таптым, дәрістер тыңдап, кітаптар оқыдым, түрлі бағыттарды зерттедім. Меніңше, «күш» дегеніміз - ол бірінші кезекте менің өмір жолымда кездескен адамдар. Әрине, менің ата-анам, туған-туыстарым мен жақындарым, одан кейін ұстаздарым. Ұстаздармен араласқанда сен жақсара түсесің, олар сені жігерлендіреді, білім береді. Бұл өте маңызды...», - деді Назарбаева фейсбук парағындағы видеосұхбатында.

Бұған қоса, ол үйдің кенжесі болғандықтан кішкентайынан анасына жақын болғанын, анасын үлгі тұтатынын да жасырмады.