×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Алматыда әскери институттың 210 курсанты оқу орнынан қашып кетті

02.12.2021, 13:58
Алматыда әскери институттың 210 курсанты оқу орнынан қашып кетті
Фото: Ашық дереккөзден

Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдиновтың басшылық етуімен Қорғаныс министрлігінің комиссиясы осы істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«2021 жылдың 1 желтоқсанында 18.00-ден кейін Құрлық әскерлері әскери институтының төртінші курсында білім алып жүрген 210 курсант оқу орнын өз бетінше тастап кеткен. Бүгін сағат 09.00-де барлық курсанттар сабақтарында болды. Институт бастығы генерал-майор Дулат Адырбеков курсанттардың институтты өз бетімен тастап кетуін кадрлық тағайындаумен келіспеуден, яғни факультет (курс) бастығының ауысуымен байланысты, сонымен қатар олар бұрынғы басшыны қайтаруды сұрайды деп түсіндірді. Курсанттардың ата-аналарына орын алған жағдай жеткізілді», - делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдиновтың басшылық етуімен Қорғаныс министрлігінің комиссиясы тергеу жүргізіп жатыр.