Бүгін – Ұлттық ғылым академиясының академигі Ханкелді Әбжановтың туған күні, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ол Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының тумасы. 1976 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірді.
Еңбек жолы: 1977-1979 жылдары Целиноград құрылыс институты тарих факультетінің оқытушысы, 1993-1999 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ-дің тарихнама және деректану кафедрасының меңгерушісі, 1999-2009 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, кафедра меңгерушісі, университет жанындағы «Еуразия» гуманитарлық зерттеулер ғылыми орталығы директорының орынбасары, 2009-2011 жылдары Мемлекет тарихы институты директорының бірінші орынбасары, 2011-2017 жылдары Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, 2019 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы қызметін атқарған.
Қазақстан зиялыларының ұлттық мәдениеті мен тарихын зерттеді, 600-ге жуық ғылыми және ғылыми-көпшілік басылымдардың, оның ішінде оннан астам монографиялық зерттеулердің, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың авторы.
«ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері (2008). «ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» (2003), «ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» (2007) төсбелгілерімен, «Қазақ тілінің жанашыры» құрмет белгісімен (2008), «Астанаға 10 жыл» (2008), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Халық революциясы-90» (Моңғолия, 2013) мерейтойлық медальдарымен марапатталды.