×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,25% деңгейінде сақтап қалды

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,25% деңгейінде сақтап қалды
Коллаж Ulysmedia

Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлеме жылдық 14,25 пайыз деңгейінде белгіленгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 14,25 пайыз деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады.

Жылдық инфляция шілдеде өскен соң тамыз, қыркүйек айларында байыппен төмендеуін жалғастырды. Айлық инфляция орташа тарихи мәндерден және көктем кезі мен жаз басында байқалған деңгейлерден жоғары қалыптасып отыр. Инфляцияның орнықты бөлігі төмендеп келеді, бірақ оның қарқыны әлі де баяу. Қыркүйек айында халықтың инфляциялық күтулері өсті. Сыртқы ортаның тәуекелдеріне әлемдік нарықтардағы азық-түлік бағасының өсуі және Ресейдегі жоғары инфляция жатады. Экономика ішіндегі проинфляциялық қысым фискалдық ынталандыру, тарифтердің өсуінің жалғасуы, орнықты ішкі сұраныс, сондай-ақ инфляциялық күтулердің артуы есебінен сақталып отыр.

ӘСЕРІ

Айта кетсек, базалық мөлшерлеменің өзгерісі ақша нарығындағы пайыздық ставкалар мен валюталық курстарға әсер етіп, инфляция деңгейіне ықпал етеді. Мысалы, базалық мөлшерлеменің жоғарылауы пайыздық ставкалардың көтерілуіне, әрі қарай қаржы нарығындағы қаражаттың қымбаттауына әкеледі. Бұл халық пен кәсіпорындардың тұтыну мен үнемдеу шешімдеріне әсер етіп, тұтынудың төмендеуіне және үнемдеудің артуына себеп болады, ал бұл инфляцияны тежеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, базалық мөлшерлеме көтерілген кезде ұлттық валюта да күшейеді.

Еске сала кетейік, Қазақстан Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова теңгенің құндыздануы сыртқы факторлардан дамушы нарықтардағы валюталардың әлсіреуімен, ішкі нарықта долларға деген сұраныстың артуымен байланысты болып отырғанын мәлім еткен болатын.