×
490.84
536.88
5.04
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
490.84
536.88
5.04

Бейбітшілік саласы бойынша Нобель сыйлығы берілді

Бүгін, 14:50
Бейбітшілік саласы бойынша Нобель сыйлығы берілді
дереккөз

2024 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығы жапондық Nihon hidankyo ұйымына берілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Нобель комитетінің хабарламасында айтылған.

Ұйым Хиросима мен Нагасакиді бомбалаудан аман қалғандарды біріктіреді.

Сыйлық ұйымға ядролық қарусыз бейбітшілікке қол жеткізуге тырысқаны үшін және ядролық қаруды ешқашан қайта қолдануға болмайтындығы туралы айғақтар көрсеткені үшін берілді.

Медицина саласындағы Нобель лауреаттар – америкалық Виктор Амброс пен Гэри Рувкун.

Физика бойынша бас ғылыми сыйлықты Джон Хопфилд пен Джеффри Хинтон алды.

Ал Химия бойынша Нобель сыйлығын Дэвид Бейкер, Демис Хассабис пен Джон Джампер қатарлы үш ғалым алды.

Әдебиет бойынша 2024 жылғы Нобель сыйлығын оңтүстік кореялық жазушы Хан Ган алды.