×
490.84
536.88
5.04
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
490.84
536.88
5.04

Ұлттық құндылықтардың дәріптелуіне тәнті болдым – ШҚО-ға келген шотландиялық блогер

Бүгін, 17:34
Ұлттық құндылықтардың дәріптелуіне тәнті болдым – ШҚО-ға келген шотландиялық блогер

“Шығыс салбурыны-2024” халықаралық фестивалі аясында “Алтай - өнер ордасы” атты концерт өтуде, 

Оған облысқа қарасты аудандардан келген көркемөнерпаздар қатысып, ән мен күйді төгілтуде. Концертті жергілікті және шетелден арнайы келген қонақтар тамашалауда.

Мерекелік шара барысында еліміздің мәдениет саласының үздіктері Есен Маженов, Гүлмира Көпжасарова, Бақытбек Масалиев сынды әншілер көрермен қауымды әуезді әндерімен тербетті.

– Қазақ халқының өнеріне тәнті болдым. Қазақстанда ұлттық құндылықтар ерекше дәріптеледі екен, – деді шотландиялық блогер Киран Шаннон.

Шығыс Қазақстанда “Шығыс салбурыны-2024” халықаралық фестивалі өткізіліп жатыр. Фестиваль аясында ертең, яғни 12 қазан күні теңге ілу, жамбы ату, асау үйрету сынды ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырылады.