×
485.04
525.98
5.04
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
485.04
525.98
5.04

Әлем халқының үштен бірі ешқашан интернетті пайдаланбаған – БҰҰ

03.12.2021, 00:54
Әлем халқының үштен бірі ешқашан интернетті пайдаланбаған – БҰҰ
Фото: ашық дереккөз

Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Халықаралық электрбайланыс одағы әлемде 2,9 миллиард адам интернетті ешқашан пайдаланбағанын мәлімдеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Зерттеуге сәйкес, әлем халқының 37 пайызы интернетті ешқашан пайдаланбаған, бұл – 2,9 миллиард адамға тең. Құжатта әйелдер мен қарттарға қарағанда ерлер мен жастардың желіде белсендірек екені атап өтілген.

Сондай-ақ, 2021 жылға қарай интернетті пайдаланушылар саны 4,9 миллиардқа өскені және интернетті ешқашан пайдаланбаған 2,9 миллиард адамның 96 пайызы дамушы елдерде тұратыны хабарланды.