×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Бақытты бол...»: Гүлзира Айдарбекова жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды

«Бақытты бол...»: Гүлзира Айдарбекова жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды
Фото: ашық дереккөз

Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова Instagram парақшасындағы жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«ӨМІР ҚЫСҚА...»

Продюсер бұл жазбасын күйеуі Нұртас Айдарбековпен демалыста жүрген уақытында жариялады.

Мен өзімді әрқашан бақытты сезінемін. Сен неге екенін білесің бе? Өйткені мен ешкімнен ештеңе күтпеймін. Күту әрқашан ауыр. Өмір қысқа… Бақытты бол және күлімде, – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

«ҚЫЗЫМДЫ ҰЗАТЫП БЕР»

Еске салсақ, продюсер бұған дейін не үшін ән айтып жүргенін айтқан еді.

Әнші Шаһизадамен бірге видео түсіріп, жариялаған ол өтініш жасайтындар көп екенін жеткізген. 

Шәкеңнің сахнада жүргеніне 40 жыл толды емес пе?! Мен мүлдем әнші емеспін. Мені әнші еткен – халық. “Қызымды ұзатып бер”, “Ұлым мен келінімді кіргізіп бер”, “Аға екеуіңіз той алдында әннен шашу шашсаңыздар”, “Жолдарыңызды берсін” деп өтініш жасайтын жандар көп. Көңілдерін қимай, келісеміз, – деген еді продюсер.