×
484.11
528.79
5.03
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
484.11
528.79
5.03

Астанада бір күнде 118 жол-көлік оқиғасы тіркелген

Астанада бір күнде 118 жол-көлік оқиғасы тіркелген
Фото: astanatv.kz

12 қазанда – бүгін Астанада 100-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 12 адам зардап шекті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Полиция департаменті жүргізушілерден өте мұқият болуды сұрайды.

Ауа-райының нашарлауына байланысты (қар жауды, кей жерлерде көктайғақ пайда болды) 12 қазанда елорда жолдарында 118 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 12 адам дене жарақатын алды. Жазғы дөңгелектері бар автокөліктердің жұмысын ескере отырып, полиция департаменті жүргізушілерден өте мұқият болуды, белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтауды, көлік тежегішін күрт баспауды, қашықтық пен бүйірлік аралықты сақтауды, белгіленген орындарда тұраққа қоюды, жол бойында жеке көлікті қалдырмауды, сондай-ақ патрульдік полицейлердің талаптарын орындауды сұрайды, – деп хабарлады полициядан.

КЕҢЕС: АЛЫС САПАРДАН БАС ТАРТ

Полицейлер астаналықтарға күрделі метеожағдайларға байланысты қала сыртындағы трассалардағы қозғалысты мезгіл-мезгіл шектейтінін ескере отырып, қаладан тыс алыс сапарлардан бас тартуға кеңес береді.

Бұған дейін Астанада ауа райының нашарлауына байланысты қала маңына қатынайтын бірқатар автобустың қозғалысы уақытша тоқтатылғанын жазған едік. Сондай-ақ Ішкі істер министрлігі ауа райының нашарлауына байланысты жолаушыларға үндеу жасағанын хабарлаған болатынбыз.