×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

«Омикрон» шыққан Египеттен Қазақстанның 2800 азаматы келгелі жатыр

03.12.2021, 09:47
«Омикрон» шыққан Египеттен Қазақстанның 2800 азаматы келгелі жатыр
Фото: Ашық дереккөзден

Коронавирус инфекциясының жаңа «Омикрон» штаммының пайда болуына жол бермеу мақсатында 3 желтоқсанынан бастап Египетке әуе қатынасы тоқтатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстан мен Египет арасындағы әуе рейстерін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қостанай және Ақтөбе қалаларынан Шарм-Эль-Шейх қаласына «Эйр Астана» және «SCAT» әуе компаниялары орындап келген. Әуе компанияларының ақпараты бойынша бүгінгі таңда Египетте Қазақстанның 2800-ге жуық азаматы бар. Олар 2021 жылғы желтоқсанның 3-10 аралығында аталған әуе компанияларының рейстерімен елге жеткізіледі.

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 30 қарашадағы №51 қаулысына сәйкес Египеттен келген жолаушылар COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсының бар-жоғына қарамастан, ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәттен бастап мерзімі 72 сағаттан аспаған COVID-19-ға ПТР әдісімен тапсырылған тестінің теріс нәтижесі туралы анықтаманы көрсетуі тиіс. Сондай-ақ, вакцина алған және тиісті анықтамасы бар болса да, 7 күнге оқшаулануы керек.   

Рейстердің орындалатын күндері туралы толық ақпарат алу үшін жолаушылар турды немесе әуе билетін сатып алған орынға хабарласуы қажет.