Алматылық фотограф Дмитрий Доценко ұшып бара жатқан Цзыцзиньшань кометасын фото-видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Оның айтуынша, бұл комета былтыр Қытай обсерваториясында ашылған.
Кеше түнде ауа райы қолайлы болды және кометаны бақылау үшін терезені аштым. Мен бірнеше фотосурет түсіріп үлгердім, тіпті осындай таймлапс та түсіріп алдым. Бұл Цзыцзиньшань кометасы Қытай обсерваториясында 2023 жылдың қаңтарында ашылған. Бір жарым жылдан кейін ол Жерге жақындап, түнгі аспанда көрінді! Кометаларды көру өте қызықты – елестетіп көріңізші, үлкен мұз блогы ғарышта секундына 80 км жылдамдықпен жүреді, – деп жазды ол.
Сондай-ақ фотографтың сөзінше, мұндай жарқын кометалар өте сирек кездесетін құбылыс.
«Біз мұның бәрін планетамыздан көреміз! Жер үшін бұл комета мүлдем қауіпті емес, өйткені ол айдан 200 есе қашықтықта ұшады. Сондықтан сіз ғарыштық шоуды емін-еркін көре аласыз. Мұны Күн батқаннан кейін қараңыз, өйткені комета Батыс көкжиекте көрінеді. Қалалық жарық жағдайында оны бинокльмен іздеген дұрыс. Қалалардан алыс қараңғы аспанда жай көзге де көрінетін болады. Мұндай жарқын кометалар өте сирек кездесетін құбылыс, сондықтан жіберіп алмаңыз», – деп қорытындылады Доценко.
Еске сала кетейік, бұған дейін мамонттар көрген комета Жерге тағы жақындап келе жатқанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ қазақстандықтар мың жылда бір болатын «ұлы кометаны» 27 қыркүйектен бастап көре алатынын хабарлаған едік.