×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Солтүстікке көш: Квота жылдан жылға ұлғайып келеді, бірақ...

14.10.2024, 11:20
Солтүстікке көш: Квота жылдан жылға ұлғайып келеді, бірақ...
Коллаж

2017 жылдан бері солтүстік өңірлерге 57 мыңнан астам адам қоныс аударған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

Бұл жұмыс күші көп аймақтардан жұмыс күші тапшы өңірлерге көшіру шараларының аясында жүзеге асқан.

ҚОЛДАУ ТҮРЛЕРІ

Үкімет дерегінше, мемлекеттік қолдау ретінде қоныс аударушыларға материалдық көмек, қоныс аудару шығыстарын өтеу, тұрғын үй жалдау және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығыстары өтеледі.

“Аталған мемлекеттік қолдау шаралары жетілдіріліп тұрады. Мәселен, биыл қосымша ақшалай төлем сертификаты енгізілді (тұрғын үй құнының 50 %, 1160 АЕК-тен аспайды). Сертификат сомасын алғашқы төлем ретінде қолдануға болады. Бұған қоса Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында бейімдеу және интеграциялық орталықтары ашылды. Олардың негізгі мақсаттары – қоныс аударушыларды жергілікті қоғамға тиімді интеграциялау, балаларды толық сүйемелдеу, әлеуметтік, медициналық және білім беру қызметтері және т.б.” делінген премьер-министрдің депутаттық сауалдарға берген жауабында.

КВОТА

Үкімет дерегінше, қоныс аударушылар мен қандастарды қабылдау квотасы жылдан жылға ұлғайып келеді. 2024 жылы  7050 қоныс аударушы, 2433 қандасқа жиыны 9483 квота берілген. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 554 адамға артық. 2024 жылғы 1 қыркүйекке 6146 адам (1767 отбасы) қоныс аударған.

ШЕКАРАЛЫҚ АУДАНДАР

Сонымен қатар шекара маңындағы аумақтардан халықтың кетуін қысқарту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде. Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023 - 2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде Шығыс Қазақстан облысының шекаралас аудандары – Катон-Қарағай, Марқакөл және Мақаншы қалпына келтірілген.

БІРАҚ

«Кредиттен қашқан, үйі жоқтар көп келеді»: Жақыпова СҚО әкімдері оңтүстіктен көшкендерге ренжитінін айтты

Мәжіліс қабырғасында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова СҚО әкімдері  “Кредиттен қашқан, үйі жоқтар көп келеді” деп оңтүстіктен көшкендерге ренжитінін айтқан

– 220 мың азамат ауылды жерден кетті. Қазір ауылға барып жатқан азаматтар аз – бұл бағытта статистика өте төмен. Оңтүстік өңірлерден солтүстікке көшіріп жатырмыз ғой. Қоныс аударушылардың санына қарасақ, сапасы да төмендеу. Әкімдермен сөйлессек, олардың өзі наразылық білдіреді. “Келетін кісілердің жұмыс күші өте төмен” дейді. Неге деп сұрасақ, “кредиттен қашқан, үйі жоқ, білімі, оқуы жоқ азаматтар келіп жатқаны көп” дейді. Сол себепті нормалар мен жаңа формаларды енгізу керек. Маусымдық вахта мен мобильді кәсіпкерлікті дамытқан абзал, – дейді ол.