×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Алматылықтар есірткіні АҚШ-тан поштамен алдырып келген

14.10.2024, 15:56
Алматылықтар есірткіні АҚШ-тан поштамен алдырып келген
ашық дереккөз

Алматыда АҚШ-тан пошта сәлемдемелері түрінде есірткінің ірі партиясын әкелу фактісін Қаржылық мониторинг агенттігі әшкереледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АҚШ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТКЕН 6 ӨҢІР

Жедел іс-шаралардың нәтижесінде Алматы, Петропавл, Семей, Көкшетау, Шымкент және Өскемен қалаларында халық тұтынатын тауарлар түрінде жасырылған есірткі заттары бар («марихуана» және «каннабис сығындысы») АҚШ-тан келген пошта жөнелтілімдерін ел аумағында өткізу мақсатында алған азаматтар ұсталды.

Нәтижесінде заңсыз айналымнан шамамен 8 кг марихуана және 15 кг-ға жуық каннабис сығындысы (гашиш майы) тәркіленді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, ҚР он азаматы ұсталып, УҰИ-ға қамауға алынды. 

Жедел-тергеу шаралары Бас көлік прокуратурасын үйлестірумен жүргізілді. 

10 АЙДА

Жыл басынан бері Агенттік есірткі айналымы фактілері бойынша 93 қылмыстық іс тіркеген. Заңсыз айналымнан 52 кг есірткі тәркіленді, оның ішінде гашиш – 8,7 кг, марихуана – 4,8 кг. 

Сонымен қатар, 1,7 кг психотроптық заттар тәркіленді (пирролидин – 974 гр., тетрагидроканнабинол - 780,3 гр., метамфетамин-1,26 гр.), анаболиктер (улы зат) – 206 мың дана және «Тропикамид» көз тамшылары – 1 680 дана.