×
488.11
530.09
5.01
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.11
530.09
5.01

Германияда Ресей тыңшылары белсенді жұмыс істей бастаған

14.10.2024, 15:58
Германияда Ресей тыңшылары белсенді жұмыс істей бастаған
Фото: Michael Kappeler/dpa/picture alliance

Германия билігі елдегі Ресей арнайы қызметтерінің белсенділігі күшейе түскенін анықтаған. Іскі істер бойынша федералдық министрлік басшысы Нэнси Фезер Handelsblatt газетіне берген сұхбатта Путин режимі агрессияшыл бола бастағанын атап өткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фезер Германия қауіпсіздік қызметтері елді ресейлік тыңшылар қаупінен, диверсия актілері мен кибершабуылдан қорғау үшін жедел түрде ресурстар жұмылдыратынын мәлім етті. Оның сөзінше, бірнеше ай бұрын министрлік Мәскеудің ғимаратты жару әрекетінің алдын алған. “Олардың мақсаты – Германияның Украинаға көмектесуіне кедергі келтіру” дейді ол.

ГЕРМАНИЯ ДЕРЕКТЕРІ

Бундестагтағы арнайы қызметтердің жұмысын бақылау комитетінің вице-төрағасы Родерих Кизеветтер ресейлік 29155 барлау бөлімі Германия аумағында белсенді әрекет етіп жатқанын жеткізіп, сондықтан диверсия актілері мен қастандық қаупі барын атап өтті.

Кизеветтер ресейлік әскери баулау қызметінің Еуропадағы бірнеше диверсиялық әрекетке қатысы бар деп санайды. Басылым келесі дереккөздің айтқандарын келтіріп, Ресей барлау қызметі жалған ақпарат пен тыңшылық арқылы халықтың герман билігіне деген сеніміне көлеңке түсіргісі келетінін хабарлаған.

РЕСЕЙ ТЫҢШЫЛАРЫ

Германиялық басылым, ресейлік тарап “төменгі деңгейлі тыңшыларды” немесе “бірреттік тыңшыларды” жиі пайдаланытынын жазады. Басылым келтіргендей, Ресей КСРО-мен туыстық тамыры бар, ресейлік саясатты қолдайтын әрі жылдам баюды көздейтін жастарды таңдайды.

“Бұл диверсанттар әлеуметтік желі арқылы арбалған және арнайы дайындықтан өтпеген. “Бірреттік тыңшылардың” міндеті қабырғаларға антиукраиналық лозунгтар мен жазу салу. Фото есеп көрсетіп, 5-10 еуро алады” делінген басылымда.