×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«5 күн сабаққа бармауға болады»: ДСМ түсініктеме берді

14.10.2024, 19:30
«5 күн сабаққа бармауға болады»: ДСМ түсініктеме берді
Ulysmedia.kz\ЖИ

Әлеуметтік желіде тараған әңгіменің ақ-қарасын Денсаулық министрлігі ажыратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖЕЛІДЕ ТАРАҒАН ҚАУЕСЕТ

Бұған дейін әлеуметтік желіде мектептер мен балабақшалардың жұмысына қатысты әңгіме тараған.

“Жұқпалы вирустық инфекция күшейіп тұрғандықтан балалар 5 күн сабақтан қала алады. Бұл үшін медициналық анықтама керек емес”, – деген. 

Алайда Денсаулық сақтау министрлігі бұл қауесетті жоққа шығарды.

Санэпидбақылау комитеті 3 немесе одан да көп күн өткеннен кейін денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама қажет екенін хабарлады. Бұл Қазақстандағы балабақшалар мен мектептер үшін міндетті талап.

Рұқсаттамалардың ұзақтығы дәлелді себептермен оқу орнының ішкі тәртібімен анықталады.