Астананың Байқоңыр ауданында орналасқан жатақханалардың бірінен өрт шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Өрттен бөлмелер мен ғимараттың шатыры отқа оранған.
Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жедел келген кезде шатыр мен 3 және 4-қабаттағы бөлмелер жанып жатты. ТЖМ күштері үш иінді баспалдақтың көмегімен 3-қабаттан 6 адамды құтқарды. Алдын ала мәліметтер бойынша жану өнімдерімен уланған 5 адам жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.
Өртті сөндіру жұмысына ғимараттың жан жағындағы өтетін жолдарда автокөліктердің тұруы қиындатты. Өрт 850 шаршы метр алаңда сөндірілді. Өрттің себебі анықталуда, - делінген хабарламада.
Еске салсақ, Павлодарда өртенген үйден ер адамның мәйіті табылды.