×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«20 жасқа» толған ескі көлік үлесі 45%: Қазақстандағы автомобильдер жағдайы

15.10.2024, 22:05
«20 жасқа» толған ескі көлік үлесі 45%: Қазақстандағы автомобильдер жағдайы
Ulysmedia.kz\ЖИ

Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда жалпы саны 5 млн 579,4 мың тіркелген автомобиль бар екенін хабарлап, олардың жағдайын саралап, топқа бөлді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ТІРКЕЛГЕН КӨЛІКТЕР САНЫ

Тіркелген автомобильдер саны 5 млн 579,4 мың

“2024 жылғы тамызда 141,5 мың автокөлік құралы есепке қойылды, былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда көрсеткіш 44,1% өскен. 2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5 млн 579,4 мыңды құрады”, – деп жазды Ұлттық статистика бюросы.

ОНЫҢ ІШІНДЕ: 

  • 88% – жеңіл автомобильдер
  • 9,9% – жүк көлігі
  • 2,1% – автобустар

ОЛАРДЫҢ “ЖАСЫ” НЕШЕДЕ?

Шығарылған жылдары бойынша 3 жылдан аспайтын автомобильдердің үлесі автопарктің 6,2% құрайды, шығарылған жылы 3-тен 7 жылға дейінгі көлік үлесі – 13,1% болып отыр. 

“7-ден 10 жылға дейін – 11,9%, 10 жылдан 20 жылға дейін – 23,8%, 20 жыл бұрын өндірілген автомобильдердің үлесі – 44,8%. Айта кетейік, екі жыл бұрын шығарылған жылы 20 жылдан асатын машиналардың үлесі (2022 ж. 1 қыркүйекке) 50,8% болған”- деп мәлімдеді Ұлттық статистика бюросы.

ЕСКІ КӨЛІК ҚАЙ ӨҢІРДЕ КӨП ЕКЕН?

Өңірлер бөлінісінде шығарылған жылы бойынша 20 жылдан асқан автомобиль саны Алматы қаласы мен Алматы облысында ең көп, тиісінше 206 мың және 361 мың, одан кейін Жамбыл – 190,5 мың, Қарағанды – 183,3 мың  және Шығыс Қазақстан облыстарында – 177,3 мың. Шығарылған жылы 3 жылдан аспайтын көлік саны бойынша Алматы (55,3 мың), Астана (42 мың) қалалары және Алматы облысы (22,4 мың) алда.