×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

"Көбі зейнет жасындағы азаматтар". Алматыда белсенділер ісі бойынша баспасөз жиыны өтті

17.10.2024, 15:24
"Көбі зейнет жасындағы азаматтар". Алматыда белсенділер ісі бойынша баспасөз жиыны өтті
Ulysmedia.kz

Алматыда "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды” деген айыппен қылмыстық іс қозғалған белсенділер бойынша баспасөз жиыны өтті. Оған белсенділердің адвокаты Төлеген Берліқожа, қоғам қайраткері, саясаткер Рысбек Сәрсенбай және белсенділер қатысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

Бүгінде істі болып жатқан 12 белсендінің 5-еуі екі айға қамауға алынған, 7-еуі үй қамаққа жіберілген.

Адвокат Төлеген Берліқожа белсенділер ісі құпияландырылғанын, сондықтан істің егжей-тегжейін айта алмайтынын жеткізіп, қамаудағы 5 адам өзінің қорғауындағы азаматтар, олардың үшеуі зейнет жасындағылар екенін атап өтті.

“Менің пайымдауымша, бұл азаматтар АЭС-ке қарсы пікір айтқан. Іс бойынша жүргізілген филологиялық сараптама бұл азаматтар өзара бас қосып, әңгімелескенде жаппай тәртіпсіздік, билікке қарсы заңсыз әрекеттерге оқталған деген қорытынды шығарған. Сол бойынша аталған азаматтар күдікті ретінде қамалды. Мен оған келіспедім. Қорғауымдағы азаматтар “АЭС-ке қарсы болғанымен, үкіметке, билікке қарсы жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру туралы бірде-бір сөз айтпадық” деп отыр. Олардың көбі зейнет жасындағы созылмалы аурулары бар адамдар. Тергеу соты кезінде олардың жасын, бұрын сотталмағанын, тұрғылықты мекенжайы бойынша жағымды мінездемесі барын, кепілге қоя алатын қымбат мүліктерге иелік ететін келтіріп, оларды қамамай, үй қамаққа жіберу туралы өтініш хат түсірдім” деді Төлеген Берліқожа.

Адвокат жасалған филологиялық сараптаманы күмәнді деп санайтынын, оны қайта қарау туралы өтініш хат түсіріп, оған рұхсат алғанын айтты.

Сондай-ақ ол белсенділердің ұсталуын заңдыз деп санайтынын, қоғамдық қорғаушы тағайындатқызбай қойғанына, істі құпияландырғанына шағым келтіретінін мәлімдеді.

Адам ретінде “салттан кетіп, қарт кісілерді қамағанына” наразымын деген ол, прокуратураға шығым түсіретінін атап өтті.

НЕГІЗ ЖОҚ

Саясаткер Рысбек Сәрсенбай істі болып жатқан белсенділер өзіндік ұстанымы, көзқарасы бар, қоғамдағы кез келген мәселеге, бейжай қарамайтын, жанашырлық танытатын адамдар екенін айтты.

“Олар экстермистік әрекеттерді қолдамайтын, оған ұмтылмайтын, төңкеріске бармайтын азаматтар. Олар жазықсыз белсенділердің, Думан Мухамедкәрімнің, Айгерім Тілеужанның соттарына қатысып жүрген көңілі таза адамдар. Құпияландыру қолдан жасалған істі қоғамнан жасыру, әрі белсенділерді қоғамға қауіпті етіп көрсету әрекеті, олардың жақындары мен өзге белсенділерге көрсетілген доң-айбат, деді Рысбек Сәрсенбай.

Саясаткер “қылмысқа оқталу” дегеннен істі құпияландыруға болмайтынын айтып, мемлекетке де, қоғамға да қаупі жоқ істі жасыруға негіз жоқ деп мәлімдеді.

“Тергеу жабық жүреді деген сөз айыпталушылардың құқықтары шектеледі деген сөз” деді ол.

БЕЛСЕНДІЛЕРДІҢ ҚАМАЛУЫ

Бұған дейін белсенділер Нұрлан Жаулыбаев, Нұрлан Темірғалиев, Жанат Қазақбай, Фазылжан Сыздықов, Айдар Мүбараков қамауға алырнғанын хабарлағанмыз.