×
488.93
532.4
5.04
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.93
532.4
5.04

Әкімдіктер бейбіт митинг өткізуге шектеу қойған. Конституциялық сот оның заңдылығын тексереді

17.10.2024, 17:57
Әкімдіктер бейбіт митинг өткізуге шектеу қойған. Конституциялық сот оның заңдылығын тексереді
ашық дереккөз

Конституциялық сот әкімдіктердің бейбіт жиналыстарды өткізуге қойған шектеулері қаншалықты конституцияға сай келетінін тексермек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘЛІМДЕМЕ

Конституциялық сот таратқан ақпаратқа сай, сотқа азаматтың “Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы” Заңның 11-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларының және 14-бабы 1-тармағының 10) тармақшасының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтініші келіп түскен.

“Орган даулы нормаларға сәйкес, егер болжамды уақытта және таңдалған жерде басқа ресми немесе бұқаралық іс-шаралар жоспарланған болса немесе құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілсе, жергілікті атқарушы органдар бейбіт жиналыстар өткізуден бас тартуы мүмкін. Сонымен қатар, уәкілетті органдарға азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті, сондай-ақ көліктің үздіксіз жұмыс істеуін және инфрақұрылым объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырушыларға жиналыстың орнын немесе уақытын өзгертуді ұсыну құқығы беріледі” делінген хабарламада.

ӨТІНІШ БЕРУШІНІҢ ПІКІРІ

Өтініш иесі дауланып отырған нормалар бейбіт жиналыстарды өткізу конституциялық құқықығын бұзады деп санайды, өйткені олар атқарушы органдарға шектеусіз қалау еркіндігін береді және бейбіт жиналыс өткізу құқығын іске асыруға мүмкіндік бермейді.

ТАЛҚЫЛАУ

Өтінішті қарау үшін жиын өтіп, оған өтініш иесінің өкілдері, парламент палаталарының, бас прокуратураның, әділет, мәдениет және ақпарат министрліктерінің, адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың, парламентаризм, заңнама және құқықтық ақпарат институттарының өкілдері қатысқан.

ШЕШІМ

Конституциялық сот қорытынды шешім Конституциялық заңның 65-бабына сәйкес КС ресми сайтында, “Егемен Қазақстан” және “Казахстанская правда” газеттерінде жарияланатынын мәлімдеді.

Алматыда "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды” деген айыппен қылмыстық іс қозғалған белсенділер бойынша баспасөз жиыны өтті. Оған белсенділердің адвокаты Төлеген Берліқожа, қоғам қайраткері, саясаткер Рысбек Сәрсенбай және белсенділер қатысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БЕЛСЕНДІЛЕР ЖИЫНЫ

Бүгін Алматыда "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды” деген айыппен қылмыстық іс қозғалған белсенділер бойынша баспасөз жиыны өтті. Ол жерде бүгінде істі болып жатқан 12 белсендінің 5-еуі екі айға қамауға алынғаны, 7-еуі үй қамаққа жіберілгені айтылды.

Адвокат Төлеген Берліқожа белсенділердің ұсталуын заңдыз деп санайтынын, қоғамдық қорғаушы тағайындатқызбай қойғанына, істі құпияландырғанына шағым келтіретінін мәлімдеді.

“Менің пайымдауымша, бұл азаматтар АЭС-ке қарсы пікір айтқан. Іс бойынша жүргізілген филологиялық сараптама бұл азаматтар өзара бас қосып, әңгімелескенде жаппай тәртіпсіздік, билікке қарсы заңсыз әрекеттерге оқталған деген қорытынды шығарған. Сол бойынша аталған азаматтар күдікті ретінде қамалды. Мен оған келіспедім. Қорғауымдағы азаматтар “АЭС-ке қарсы болғанымен, үкіметке, билікке қарсы жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру туралы бірде-бір сөз айтпадық” деп отыр. Олардың көбі зейнет жасындағы созылмалы аурулары бар адамдар. Тергеу соты кезінде олардың жасын, бұрын сотталмағанын, тұрғылықты мекенжайы бойынша жағымды мінездемесі барын, кепілге қоя алатын қымбат мүліктерге иелік ететін келтіріп, оларды қамамай, үй қамаққа жіберу туралы өтініш хат түсірдім” деді Төлеген Берліқожа.