×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Ұлытаулық келіншек өзіне зәбір көрсеткен күйеуін сот арқылы әке құқығынан айырды

17.10.2024, 19:15
Ұлытаулық келіншек өзіне зәбір көрсеткен күйеуін сот арқылы әке құқығынан айырды
Көрнекі сурет

Ұлытау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әйелін өлтірмек болған ер адамды ата-ана құқығынан айырды, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

Талап қоюшы Б. жауапкер С.-ны кәмелетке толмаған балаларға қатысты ата-ана құқықтарынан айыру туралы талап қоюымен жүгініп, жауапкер өзіне қатысты аса ауыр қылмыс жасағанын, сот үкімі бойынша оны өлтіруге оқталғаны үшін сотталғанын көрсеткен.

Сот Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 75-бабының 2-бөлігінің талаптарына сәйкес ата-аналар өз баласының, жұбайының не отбасының басқа да мүшелерінің өмiрiне немесе денсаулығына қарсы қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кезде ата-ана құқықтарынан айырылатынын ескертті.

СОТ МӘЛІМДЕМЕСІ

“Жауапкер өз жұбайының және балаларының анасының денсаулығына қатысты аса ауыр қылмыс жасаған, бұл соттың айыптау үкімімен расталады, осыған байланысты сот заң талаптарына сәйкес кәмелетке толмағандардың әкесін ата-ана құқықтарынан айыруға шешім қабылдады. Кәмелетке толмағандар анасының тәрбиесіне қалдырылды” делінген хабарламада.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.