×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ресей күн сайын соғыста 1270 адамын жоғалтып жатыр - НАТО

17.10.2024, 22:15
Ресей күн сайын соғыста 1270 адамын жоғалтып жатыр - НАТО
Ашық дереккөзден

Ресей Украинадағы соғыста күн сайын шамамен 1270 адамынан айырылып жатыр. Бұл туралы НАТО мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

КУРСК ОБЛЫСЫНДАҒЫ СОҒЫСПЕН БАЙЛАНЫСТЫ

Шығындардың өсуі Украинаның Қурск облысындағы операциялары мен майдандағы ұрыс қимылдарының күшеюімен байланысты. НАТО өкілі бұл шығындардың 2024 жылдың соңына дейін осындай деңгейде сақталатынын болжады.

ӘСКЕР ЖИНАУ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

Соған қарамастан, Ресейде әскер жинау бұрынғы қарқынмен жалғасуда, ай сайын шамамен 30 мың адам шақырылып жатыр. Бірақ Ресейге үлкен бетбұрыс жасау үшін жаңа мобилизация қажет.

УКРАИНА ШЫҒЫНЫ ТУРАЛЫ

НАТО украиналық шығындар туралы мәлімет бермеді, бірақ Киевтің әскерін ротациялау мәселесінде адам ресурстары үлкен қиындық туғызып отырғанын атап өтті. Сонымен қатар, Ресейдің шығындары жоғары болып қалса да, ол Шығыс Украинада баяу, бірақ тұрақты тактикалық алға жылжуды жалғастырып келеді.

СНАРЯД ШЫҒАРЫП ЖАТЫР

Ресей ай сайын шамамен 250 мың, жылына 3 миллион снаряд шығарып отыр. Бұл көбінесе қарапайым технологиялар мен Кеңес дәуіріндегі «сапаға емес, санға» басымдық беру тәсіліне қайта оралуына байланысты.