×
488.93
532.4
5.04
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.93
532.4
5.04

«Бәрі қарсы болды»: әнші Айқын Төлепберген тағы да үйленді

Бүгін, 01:45
«Бәрі қарсы болды»: әнші Айқын Төлепберген тағы да үйленді
Әлеуметтік желіден

Белгілі эстрада әншісі Айқын Төлепберген үйленді. Өзге емес, өзінің әйелі Жұлдыз Өмірғалиға. Жұлдызды жұп бірнеше жыл өткен осылайша дүркіретіп той жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЙДЫ ЕНДІ ЖАСАДЫ

Әнші Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали қазақ эстрадасындағы жұлдызды жұп. Бірнеше жыл бұрын бас қосқан олар тойын бүгін ғана жасады. Оның өз себебі бар. Бастапқыда Айқынның бірінші әйелінен ажырасу процесі ұзаққа созылса, кейін пандемия басталған. Одан соң баспана алуға қаражатын жұмсаған Айқын мен Жұлдыз той жасауға қолайлы уақытты енді ғана тауыпты. Себебі Айқынның Жұлдызға “ақ көйлек киесің” деген уәдесі бар екен. Мұны әншінің өзі айтты. 

“Жұлдызға үйленемін дегенде бәрі маған қарсы болды. Достарымнан бастап, әке-шешемнен бастап, оқырмандарымнан бастап бүкіл дүниежүзі қарсы болды. Тек мен ғана қаладым. “Осы Жұлдызды аламын” дедім. Жаным, Жұлдыз мен сені жақсы көремін. Уәде еттім, ақ көйлек киесің дедім. Мен саған әкең де, күйеуің де, досың да, құрбың да боламын”, – деді ол. 

Сөз арасында Айқын бастапқыда анасының қарсы болып, ұлының алғашқы некедегі балаларын ойлап жылағанын да айтып қалды. 

“Мама жылады, ана балаларды деп… Бәріміз біргеміз…” – деді Айқын. 

Сөз соңында Айқын жарының қалауы бойынша сахнаға белгілі әнші Алексей Чумаковты шақырып, микрафон ұсынды.