×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Солтүстік Корея Ресейге сарбаздар жіберді – Оңтүстік Корея барлау қызметі

Солтүстік Корея Ресейге сарбаздар жіберді – Оңтүстік Корея барлау қызметі
Фото: Shutterstock

Оңтүстік Кореяның барлау қызметі КХДР Ресейге Украинамен соғысқа баратын сарбаздардың алғашқы партиясын жібергенін, ал зымыран офицерлері қазірдің өзінде соғыста екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Дүниежүзілік агенттіктер Оңтүстік Корея барлау қызметі Солтүстік Кореядан келген 1500 сарбаз қазірдің өзінде Украинаға баратын Қиыр Шығыстағы ресейлік полигондарда деп мәлімдейді.

Оңтүстік Кореяның барлау мәліметтері бойынша, Солтүстік Корея әскери күштері ресейлік форма мен жалған ресейлік құжаттарды берген.

Алайда Кремль Оңтүстік Кореяның КХДР Ресейге Украинамен соғысқа көмектесу үшін әскери қызметшілерді жіберуі мүмкін деген тұжырымын жоққа шығарады.

Еске салсақ, Зеленский Еуропалық кеңес көшбасшыларына «жеңіс жоспарын» таныстырған болатын. Сондай-ақ ол Украина ядролық қару жасамайтынын айтқан еді.

Айта кетейік, НАТО-ның хабарлауынша, Ресей күн сайын соғыста 1270 адамын жоғалтып жатыр.