×
487.24
529.34
5.02
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.24
529.34
5.02

Kaspi Түркиядағы ең ірі маркетплейстің бірін сатып алды

Бүгін, 17:42
Kaspi Түркиядағы ең ірі маркетплейстің бірін сатып алды
ашық дереккөз

Kaspi Түркиядағы ең ірі маркетплейстің бірі – Hepsiburada-ны сатып алады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

Kaspi.kz компанияның негізін қалаушы және бақылаушы акционері Ханзаде Доганмен, сондай-ақ Вуслат Доган Сабанджи, Бегюм Доган Фаралиали, Арзухан Доган Ялчиндаг және Ишил Доганмен Hepsiburada акцияларының шамамен 65% сатып алу туралы келісімге қол қойған.

“2000 жылы Ханзаде Доган негізін қалаған Hepsiburada Түркиядағы электрондық коммерцияның жетекші платформаларының бірі. Компания клиенттік сервиске, технологияларға, логистикаға және түрлі санаттағы тауарлардың мол ассортиментіне басымдық бере отырып, дамыды. 2023 жылы Hepsiburada сервистерін 12 миллионға жуық сатып алушы мен 101 мың серіктес-дүкен пайдаланды. Компанияның платформасы арқылы сатылған тауарлардың жалпы құны 2023 жылы шамамен $4 млрд құрады.

Мәміле сомасы шамамен $1 127 миллионды құрайды. Мәміле 2025 жылдың бірінші тоқсанында Түркияның реттеуші органдарынан қажетті рұқсаттарды алғаннан кейін және қажетті заң рәсімдері орындалғаннан кейін аяқталады деп күтілуде” делінген банктің хабарламасында.