×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ресей Қазақстанның үш қаласында ЖЭО салады

18.10.2024, 18:09
Ресей Қазақстанның үш қаласында ЖЭО салады
ашық дереккөз

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин мен РФ Үкіметі Төрағасының орынбасары Алексей Оверчук Ресей мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 25-отырысын өткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тараптар сауда-экономикалық, энергетика, өнеркәсіп, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, фитосанитариялық және ветеринариялық бақылаудың ақпараттық жүйелерін интеграциялау, мәдениет, ғылым, білім және туризм саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың жылдық қорытындыларын шығарды. Еуразиялық экономикалық одақ форматындағы өзара іс-қимыл және бірлескен ұстанымдарды әзірлеу мәселелерін қарастырды.

Ресей мен Қазақстанның қарым-қатынасы тату көршілік, тығыз ынтымақтастық қағидаттарына негізделеді және үкіметаралық комиссия отырысы аясында біз күн тәртібіндегі мәселелердің кең ауқымын қарастырамыз, – деп атап өтті Алексей Оверчук.

Бұған дейін, 2024 жылдың сәуір айында елдер Көкшетау, Семей және Өскеменде көмір ЖЭО салу туралы үкіметаралық келісімге қол қойған болатын. 

Орындаушылар ретінде ресейлік "Интер РАО – Экспорт" ЖШҚ және қазақстандық "Самұрық-Энерго" АҚ анықталды, – делінген хабарламада. 

Құрылыс жұмыстарын іске қосу 2025 жылға жоспарланған.