×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Ол бұл соғысты көтере алмайды»: Германия канцлері Путин туралы

18.10.2024, 21:35
«Ол бұл соғысты көтере алмайды»:  Германия канцлері Путин туралы
Ашық дереккөзден

Германия канцлері Олаф Шольц және АҚШ президенті Джо Байден Украина мен Таяу Шығыстағы қақтығыстарды реттеу ісінде екі елдің тығыз ынтымақтастығын растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БАЙДЕН МЕН ШОЛЬЦ НЕ ДЕДІ?

18 қазанда Берлиндегі келіссөздер алдында өткен баспасөз мәслихатында Байден:

«Бізді қиын қыс күтіп тұр, босаңсуға болмайды, біз шаршамауымыз керек», – деді.

Ол Шольц пен Германия үкіметіне Ресей бастаған соғыста Украина жеңіске жетуі үшін «талмай» атқарып жатқан жұмысы үшін алғыс айтты, ал Ресей президенті Владимир Путин бұл соғыстан жеңілуі керек екенін атап өтті.

Байденнің айтуынша, қолдауды «Украина әділетті және тұрақты бейбітшілікті тапқанға дейін» жалғастыру қаже. Бұл қолдаудың құны батыс одақтастары үшін айтарлықтай болуы мүмкін, бірақ «бұл агрессия басым болатын, ірі мемлекеттер ұсақ мемлекеттерге шабуыл жасайтын әлемде өмір сүру құнымен салыстырғанда әлдеқайда төмен» деді АҚШ президенті.

ФРГ канцлері өз кезегінде Германия Украинаны қанша уақыт қажет болса, сонша уақыт қолдайтынын мәлімдеді.

«Путин қателесті. Ол бұл соғысты көтере алмайды», – деді Шольц.

Сонымен қатар, ол НАТО-ны қақтығысқа тікелей қатысудан сақтандырып, «бұл соғыс одан да үлкен апатқа айналмауы керек» деп ескертті. Шольц Байденге «өте қиын уақытта» Вашингтон мен Берлин арасындағы «тығыз және сенімді» қарым-қатынас үшін алғысын білдірді.

ТАЯУ ШЫҒЫСТАҒЫ ЖАҒДАЙ ТУРАЛЫ

Германия мен АҚШ көшбасшылары ХАМАС террористік ұйымының жетекшісі Яхия Синвар Газадағы Израиль әскери операциясы кезінде өлтірілгені туралы жаңалықты растады. 

Байден бұл оқиғаны «әділдік сәті» деп атап, Синвардың қолында «израильдіктердің, палестиндіктердің, америкалықтардың, немістердің және басқалардың қаны бар» деді. 

Шольц та енді «оқ атуды тоқтату және Газадағы тұтқындарды босату туралы келісімге қол жеткізу үшін нақты перспективалар ашылады» деп үміт білдірді.