×
487.24
529.34
5.02
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.24
529.34
5.02

Киік қырылып жатыр ма - Орал тұрғындары шошып жатыр

19.10.2024, 01:40
Киік қырылып жатыр ма - Орал тұрғындары шошып жатыр
Видеодан скриншот

Батыс Қазақстан тұрғындарын мессенджерде тараған киіктердің өлімі туралы бейнероликтер шошытты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz  КТК арнасына сілтеме жасап.

ЭПИДЕМИЯ ҚАЙТАЛАНАМА ДЕП ҚОРҚАДЫ

Кадрларда кейбір жануарлардың өліп жатқанын, ал басқаларының жерге жатып, ауыр тыныс алып, селкілдеп жатқанын көруге болады. Ауыл тұрғындары өткен жылдары пастереллезден мыңдаған жануар қырылған кездерді еске алып, эпидемияның қайталануынан қорқады.

Оқиға орнына барған мамандар жеті өлі сайғақтың денесін тапқан, бірақ олардың өлімінің себебін анықтау мүмкін болмаған, себебі өліктер ыдырап кеткен.

«Сайғақтардың өлі денелері белгіленген ережелерге сәйкес жойылды. Қыркүйек айында ұлттық ветеринария референттік орталығының мамандары жануарлар мен адамдар үшін қауіпті аурулардың бар-жоғын тексеру үшін сынамалар алды. Тест нәтижелері бойынша ешқандай ауру, соның ішінде пастереллез анықталған жоқ», — деп мәлімдеді Батыс Қазақстан облысының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының бас маманы Арман Ізімғалиев.

ДҮРБЕЛЕҢГЕ СЕБЕП ЖОҚ

Инспекторлардың айтуынша, дүрбелең туғызуға негіз жоқ, себебі мұндай табиғи өлім-жітім жағдайлары үнемі болып тұрады.