×
485.04
525.98
5.04
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
485.04
525.98
5.04

Ресей Қазақстаннан жеткізілетін гүлдерге тыйым салды

Ресей Қазақстаннан жеткізілетін гүлдерге тыйым салды
Фото: shutterstock

Россельхознадзор биыл 21 қазаннан бастап Қазақстаннан келетін кесілген гүлдер мен гүл шоқтарын Ресейге жеткізуге уақытша шектеулер енгізеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

НЕ ҮШІН

Қазақстан Нидерланд, Польша және Бельгиядан гүлдердің көпшілігін реэкспорттайды. Алайда бұл елдердің уәкілетті органдары өнімнің қауіпсіздігіне тиісті бақылауды қамтамасыз ете алмайды.

Ресейдің ветеринариялық және фитосанитарлық қадағалау қызметінің сайтында шектеу енгізілуінің басты себебі 2023 және 2024 жылдары гүл өнімдерінде карантиндік нысан — батыс гүл трипсі (Frankliniella occidentalis Pergande) табылған 43 жағдайдың тіркелуіне байланысты болып отыр.

ШЫҒЫН КЕЛТІРУІ МҮМКІН

Бұл зиянкес полифаг саналады және оның таралуы экономикалық тұрғыдан елеулі шығын келтіруі мүмкін. Оның енуінен туындайтын экономикалық шығын 11,5 миллиард рубльден асады деп болжанған.