×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Батыс Қазақстан облысында Ресейдің әскери техникасы газ құбырын соғып кетті

20.10.2024, 19:50
Батыс Қазақстан облысында Ресейдің әскери техникасы газ құбырын соғып кетті
Видео кадры

Батыс Қазақстан облысында ауыл ішімен өтіп бара жатқан Ресейдің әскери техникасы жол бойындағы газ құбырын соғып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Келісімге сәйкес, ресейлік әскери техника елді мекендерден тыс бағыттармен жүргеі тиіс. Алайда жаңбырдан кейінгі жолдың нашарлығына байланысты көрші елдің әскери көліктері Сайхин ауылындағы жолмен жүріп өткен. 

Әлеуметтік желілерде Ресей Федерациясының қарулы күштері әскери техникаларының Бөкейорда ауданы, Сайхин ауылы арқылы өтіп жатқан видеосы тарады.

Көліктердің бірі ауылішілік газ құбырына тиіп кеткен.
“Қолда бар ақпарат бойынша, Ресей Федерациясы Бөкейорда ауданы аумағында, Сайхын ауылынан 100 шақырым жерде орналасқан Қазақстан Республикасынан оқу полигонын жалға алған. Бұл аумақта Ресей Федерациясының екі әскери бөлімшесі орналасқан. Бөлімшелердегі қызмет вахталық әдіспен жүзеге асырылады, осылайша ресейлік техника елді мекендерден тыс жерде келісім бойынша белгіленген маршруттар бойынша оқу-жаттығу полигондарына тұрақты түрде шығып, кіреді”, деп хабарлады Бөкейорда ауданының әкімдігі.

Әкімдік толассыз жауған жаңбыр салдары мен жүруге болмайтын жолдардың кесірінен ресейлік әскери техника Сайхин ауылындағы жол бойымен жүріп өткенін жоққа шығармады.

“Бес әскери техника бүгін, 20 қазан күні ауылдың асфальт жолымен жүріп өтіп, бір көлік габариттерін есептемей, газ құбырына тиіп кеткен. Құбырға күрделі зақым келген жоқ және газ сыртқа шықпады”, делінген жергілікті әкімдіктің ресми хабарламасында.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Арнайы техника жүргізушісі жауапқа тартылатыны хабарланды.
Келісімге сәйкес, бұл әскери техниканы полицияның арнайы көлігімен алып жүру қарастырылмаған.