Қырғызстанда 4,6 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы хабарлады.
Жерасты дүмпулері жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша 23:44-те (Астана уақыты бойынша 22:44) тіркелген.
Жер сілкінісінің ошағы Ош қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 139 шақырымда және Ноокат қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 125 шақырым жерде екені анықталды. Ошағының тереңдігі 10 шақырымды құрады.
Әзірге зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат жоқ. Құтқару қызметтері жағдайды бақылауда ұстап отырғаны хабарланды.