Грузия астанасы Тбилисиде мыңдаған адам шеруге шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚАНДАЙ ТАЛАП ҚОЯДЫ
Олар Еуроодаққа қосылу ісін үзбеуді талап еткен. Бұған дейін Еуроодақ басшылығы «кәрі құрлықтағы» бірлестікке гүржі елінің кіру үдерісін доғарғанын мәлімдеген еді.
САЯСИ ӨМІР ҚЫЗЫП ТҰР
Қазір Грузияда саяси өмір қызып тұр. 26 қазанда парламент сайлауы өтуге тиіс. Оған Батысты қолдайтын 4 оппозициялық партия қатыспақ.
Ереуілшілер Тбилисидегі «Бостандық» атты бас алаңға жиналған.
2008 жылғы сайлауда «Грузия арманы» партиясы билік басына келгелі бұл ел еуроинтеграциядан алыстай бастады, – деп пайымдайды сарапшылар.
Бұған дейін Еуропа одағы Грузияның ЕО-ға кіру процесін тоқтатқанын жазған болатынбыз.
ЕО НЕНІ КҮТЕДІ
Еуропалық Кеңес Грузияны еуропалық интеграцияның негізгі принциптеріне сәйкес демократиялық, жан-жақты және тұрақты реформаларды қабылдауға шақырды және жағдайды мұқият бақылауға уәде берді. Сонымен қатар ЕО Грузиядағы алдағы парламенттік сайлау халықаралық және Ұлттық бақылаушыларға қол жеткізе отырып, еркін және адал болады деп үміттенеді.
Еуропалық Кеңес сонымен қатар Грузияның халықаралық деңгейде танылған шекараларында аумақтық тұтастық пен егемендік принципіне адалдығын растады.