×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

ҚТЛ мектептерінің иесі әрі Ердоғанның басты қарсыласы Фетхуллах Гүлен көз жұмды

21.10.2024, 11:34
ҚТЛ мектептерінің иесі әрі Ердоғанның басты қарсыласы Фетхуллах Гүлен көз жұмды
Ulysmedia коллажы

Ол 84 жасында Пенсильваниядағы клиникада қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ГҮЛЕННІҢ ҚАЗАСЫ

АҚШ-та Түркияда террористік деп жарияланған FETO ұйымының негізін қалаушы Фетхуллах Гүлен көз жұмды. Гүленнің өлімі туралы ақпаратты оның жиені Эбуссеме Гүлен растады.

Фетхуллах Гүлен АҚШ-та 1999 жылдан бері тұрады. Ол 84 жасында 20 қазанда Пенсильваниядағы клиникада жан тапсырды.

ОЛ КІМ

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 2016 жылы 15 шілдеде төңкеріс ұйымдастыруға талпынғандарды "көлеңкелі мемлекет" қолдады деп мәлімдеген еді. Түркияда тұрмайтын адамдарға бұл сөз түсінікті болмаса да, оны 75 жастағы АҚШ-тың Пенсильвания штатында тұратын діндар адам анық түсінген. Алайда сол тұста Гүлен ондай айыптауларды қатаң түрде терістеймін" деген еді.

1999 жылдан бері АҚШ-та тұрып жатқан Гүлен кезінде Ердоғанның одақтасы болған. Ердоған мен оның діни консервативтік Әділет және даму партиясының 2002 жылы билікке келуіне көмектескен. Алайда одақтастар көп ұзамай билікті бөлісу дауы және Ердоғанның авторитарлық билеу тәсілі кесірінен араздасып қалды. Сол жылы мамыр айында Гүлен қозғалысы Түркияда террористік ұйым болып жарияланған.

Гүлен алғаш, 1960-жылдардың соңында, Измир мешітінде шешен уағызшы ретінде танылды. Ол 1999 жылы қысымға ұшырап, мемлекеттің зайырлы сипатын өзгерту үшін төңкеріс жасамақ болды деген айыппен қуғындалды. Бұл айып дәлелденбеді, бірақ ол АҚШ-та қалып қойды. 

Түркияда төңкеріс бола жаздаған 2016 жылы Қазақстандағы қазақ-түрік лицейлері көп талқыланған. ҚТЛ-ді Түркия тарапы тікелей Гүленмен байланыстырған еді. Түркия президенті Ердоған "олар қауіпті, жауып тастау керек" десе, Қазақстан жағы "ол мектептер бізге керек, сапалы білім береді, оның түлектері халықаралық олимпиадаларда медалдарды көптеп алады әрі мұғалімдері 90 пайыз қазақ, сондықтан жаппаймыз" деген. Сол тұста аталған мектептерге тексеріс жүргізілетіні хабарланған. Қазір ол мектептер жұмысын жалғастырып жатыр. Қазір қазақ-түрік лицейлерінің атауы «Білім-инновация лицейі» деп өзгертілген.