×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ақтауда мемлекеттік мекеме ғимараттарында теракт жасамақ болған ер адам сотталды

Ақтауда мемлекеттік мекеме ғимараттарында теракт жасамақ болған ер адам сотталды
Фото: ҰҚК

Ақтау қаласының тұрғыны террористік акт жасамақ болғаны және терроризмді насихаттағаны үшін 18 жылға сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СОТ ҮКІМІ

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ақпаратына сәйкес, Ақтау қалалық соты оған 18 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.

Зорлық-зомбылық әрекетін жасау үшін жарылғыш құрылғыны, соның ішінде зақымдайтын элементтер жасауға қажетті компоненттер – болттар мен шегелерді сатып алғаны анықталды.

БҰРЫН ДА СОТТЫ БОЛҒАН

Шабуыл нысаны ретінде Маңғыстау облысының мемлекеттік мекемелерінің ғимараттарын таңдап, фото және видеоға түсіру арқылы жергілікті жерді зерттеген. Айта кету керек, сотталған адам бұрын кісі өлтіргені үшін сотты болған. 

Айта кетейік, Туризм және спорт вице-министрі елімізде жат діни ағымдағы спортшылар барын мойындағанын жазған едік.