×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Талғарда полиция «хуторлық банда» туралы айтқан тұрғынды «жындыханаға» алып кеткен

Талғарда полиция «хуторлық банда» туралы айтқан тұрғынды «жындыханаға» алып кеткен
Фото: t.me/obozhau1

Журналист Асхат Ниязовқа сұхбат беріп, Талғардағы қылмыстық әрекеттер мен «Хуторский» қылмыстық тобы туралы айтқан жергілікті тұрғынды полиция ұстап, «жындыханаға» алып кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Бұл туралы әріптесіміз өзінің Telegram-арнасында жазды.

Қазіргі уақытта полиция Талғардағы «хуторлықтар» туралы айтқан кейіпкерлердің бірін ұстады. Оны психиатриялық ауруханаға апарып жатыр, – деді Асхат Ниязов.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Шерзаттың әжесі мен әкесі неге келіспей қалды – марқұмның әжесінің Президентке үндеуі

Журналист қатыгездікпен өлтірілген жасөспірім Шерзат Болаттың көршісімен бірге бұрын «Хутор» деп аталған Рысқұлов ауылына барған. Сыртта қауіпті болғандықтан сұхбат көліктің ішінде жазылған.

Тұрғын сұхбат барысында «Хуторский» ұйымдасқан қылмыстық тобы бар екенін жеткізіп, олардың әрекеттері туралы айтқан. Алайда журналист кейіпкерінің өзі бұрын сотты болғанын ескертіп, айтқандарына сену-сенбеуді көрерменнің қалауына қалдырған.

ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

Еске сала кетейік, Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты.

Прокуратура Талғардағы жасөспірімнің өліміне қатысты мәлімдеме жасап, «әділ тергеуге кепілдік береміз» деп ақпарат таратқан. Алайда тергеушілерге сенбеген марқұмның туған-туыстары көшеге шығып, әділдікті талап етті. Олар сол түні болған 13 адамның орнына 7 адамның ғана қамалғанына наразылық білдірді. 

Қаза тапқан жасөспірімнің әкесі бейнебақылау камерасының жазбасын әлдекімдер өшіріп тастағанын айтқан еді. Алайда ІІМ ол мәліметті жоққа шығарды. 9 қазанда депутат Нартай Аралбайұлы бас прокурор Берік Асыловқа, ішкі істер министрі Ержан Сәденовке және оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа депутаттық сауал жолдап, 16 жасар азаматты өлтірген, жақындарын аяусыз сабаған қылмыскерлер қамауға алынып, оларға заңға сәйкес әділ жаза берілуі тиіс деп мәселе көтерді. Ал оның әріптесі Абзал Құспан қылмыстық кодекстің 201-бабын (сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу) өзгерту керек деп есептейді. Бұл қажеттілік оның сөзінше, Талғардағы жасөспірімнің өлімінен кейін айқын сезілген.

Ulysmedia.kz күдіктілердің бірі таяуда қылмыстық жауапкершілікке тартылып, жазасын өтеуі керек болғанын, екінші күдікті жауапкершіліктен жалтарып кеткенін анықтаған еді. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырады. Қайғы үстіне қайғыға душар болған Нұрымов әулетінің билікке қояр екі-ақ талабы бар.

Сонымен қатар, Жақып Асанов осы іске қатысты өз есімінің аталуына байланысты түсініктеме берген.