Әділет министрі Азамат Есқараев британдық саясаткер Маргарет Тэтчерге тиесілі "Достық" орденінің сатылуы жөнінде пікір білдірді, дер хабарлайды Ulysmedia.kz kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.
РЕСМИ ТҮСІНІК
“Бұл ақпараттан хабардармыз. Әрине, біздің заңнама бойынша мемлекеттік наградаларды сатуға болмайды. Бұл үшін біздің Қылмыстық кодексте жауапкершілік бар. Егер адам мемлекеттік наградаларды саудаласа, тиісті жауапкершілікке тартылады. Маргарет Тэтчер тарихи тұлға болғандықтан, олардың жеке заттарын, құжаттары мен хаббарын аукционға шығару тәжірибесі бар. Бұл олардың мәдениетінің бір бөлігі” деген министр.
Азамат Есқараев тілшілердің осы оқиға бойынша тексеру жүргізу мен жауапқа тарту шаралары жүргізіле ме деген сауалына “бұл сұрақ Сыртқы істер және Мәдениет министрліктерінің құзыретінде” екенін айтқан.
САТЫЛЫМ
Бұған дейіни экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Маргарет Тэтчерге сыйлаған "Достық" ордені сатуға шығарылғаны хабарланған.
Сату туралы хабарландыру британиялық сирек кездесетін әрі көне бұйымдарды сатуға арналған Peter Harrington дүкенінің сайтында жарияланған.
Орден үшін сұралып отырған баға – 12 500 фунт стерлинг. Бұл шамамаен 7,8 млн теңге.
Хабарландыру сипаттамасында Назарбаев Тэтчердің жанкүйері болғаны, марапатты 2001 жылы табыстағаны айтылған.
Ол мұндай құрметке ие болған жетінші адам. Табыстау жасырын жасалғанға ұқсайды. Өйткені марапаттау туралы жазбалар табылмаған. Мұндай марапатты Хиллари Клинтон, Пан Ги Мун және Ли Куан Ю алған. Орденге қорап пен брошюра қоса беріледі. Аздап тозған, кофрдың түбінде бірнеше сызат бар, бірақ тұтастай алғанда өте жақсы” делінген сайт сипаттамасында.
ДОСТЫҚ ОРДЕНІ
“Достық” орденi – 1995 жылы белгіленген Қазақстан Республикасының лауазымды марапаты.
Орденмен азаматтар қоғамдағы ұлтаралық және азаматтық татулықты сақтау жөніндегі жемісті жұмысы үшін халықтар арасындағы бeйбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға ciңipreн еңбегі үшін марапатталады.
“Достық” ордені eкi айырымнан: I дәрежелі «Достық» ордені жұлдыздан және иыққа acaтын лeнтaдaғы opдeннiң бeлгiciнeн тұpaды.