Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ел азаматтарына маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мессенджерлерде (WhatsApp, Telegram және т.б.) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған аккаунттар құрған және жалған ақпарат тарататын алаяқтар туралы тағы да ескертеді.
Алаяқтар Антикор символикасы бар жалған құжаттарды, хабарламаларды және файлдарды жасауда және жолдауда. Жалған ақпараттық таратуларға сенбеу, күмәнді сілтемелерге өтпеуді, сондай-ақ қолма-қол ақша аудармауды сұраймыз. Осындай қоңыраулар мен таратуларды алған жағдайда, осы фактілер туралы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұраймыз, - делінген Антикор хабарламасында.
Еске салсақ, Мемлекеттік кірістер комитеті де қоңырау шалатын алаяқтарға қатысты ескерту жасаған болатын.
Сондай-ақ бұған дейін алаяқтар Антикордың бастықтары атынан жалған ақпарат таратып жүргенін жазған едік.
Қазақстан банктеріндегі клиенттердің жеке деректері алаяқтарға сатылғаны расталған еді.