×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Қазақстанда 20 мыңға жуық көлік апаты болып, 26 мың адам зардап шеккен

21.10.2024, 20:30
Қазақстанда 20 мыңға жуық көлік апаты болып, 26 мың адам зардап шеккен
Ulysmedia.kz\ЖИ

Бұл туралы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СТАТИСТИКА МЫНАДАЙ

Жыл басынан бері 19302 жол апаты болған. Оқыс оқиғаның салдарынан 26 703 адам зардап шеккен.

ҚАЗА ТАПҚАНДАР САНЫ

Ал қаза тапқандардың саны 1 754 адам. Оның ішінде 230 кәмелетке толмаған бала, 486 әйел, 1 268 ер адам бар. 

Жол апаты жиі тіркелген өңірлер:  

  • Алматы қаласы – 3 869
  • Алматы облысы – 2 118 
  • Астана қаласы – 1 220
  • Жамбыл облысы – 1 181
  • Шымкент қаласы – 1 122

КІНӘ ЖҮРГІЗУШІЛЕРДЕН

Жол апаттарының 95%-дан астамында кінә көлік тізгініндегілерден болған. Нақтырақ айтқанда 451 деректе жүргізуші алкоголь немесе есірткіге мас күйде болған. Адам өліміне әкелетін ЖКО-ның 60%-дан көбі қала маңындағы жолдарда болады.

ЖОЛ АПАТЫНЫҢ СЕБЕПТЕРІ

Жолдағы көлік апатына жылдамдықты шамадан тыс асыру, басып озу, шаршаңқы күйде жолға шығуы себеп болады.