Полицияның мәліметінше ол зорлау бабы бойынша күдікке ілінген азамат, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
УАҚЫТША ҰСТАУ ИЗОЛЯТОРЫНАН ҚАШЫП КЕТТІ
Алматы облысының полиция департаменті мәлімдегендей, Талғардағы уақытша ұстау изоляторынан зорлау күдігі бойынша ұсталған азамат К. қашып кеткен.
"Уақытша ұстау изоляторынан зорлау жасады деген күдікпен ұсталған азамат қашып кетті. Осыған байланысты "Сирена" жоспары енгізілді. Негізгі маршруттарда блок-бекеттер қойылды, және барлық күш пен құралдар қашып кеткен адамды іздеуге және ұстауға бағытталды", – деп хабарлады полиция.
Қашу жағдайын анықтау үшін қызметтік тексеру тағайындалған.