Қорғаныс министрлігі жоғары оқу орындарында тегін оқуға грант алған мерзімді қызмет әскери қызметшілерінің тізімін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бір жарым мың орынға 2023 жылғы күзде әскерге шақырылған мерзімді қызметтің 17 927 сарбазы үміткер болған.
Конкурсқа Қорғаныс министрлігінен 8 169, Ұлттық ұланнан 6 441, Төтенше жағдайлар министрлігінен 315, Шекара қызметінен 2 715, Мемлекеттік күзет қызметінен 287 сарбаз қатысқан.
Күштік құрылымдар әскери бөлімдері сарбаздарының қызметтің барлық кезеңіндегі үлгерімі мен тәртібі бойынша нәтижелері енгізілген «Срочники 2.0» ақпараттық жүйесі іріктеудің ашықтығын қамтамасыз еттік деп мәлімдеп отыр.
Білім беру жеңілдіктеріне ие болған әскери қызметшілердің толық тізімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.